21 шілдеде Астана қаласының ауданаралық тергеу сотымен ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасына, Шымкент қаласы мен Жетісу облысы ТЖД бастықтарына қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады.
Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. Басқа да жемқорлық құқық бұзушылықтарға қатыстығы тексеріліп жатыр.
Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпаратты жария етуге болмайды.