12.11.2024, 12:10
Оқылды: 62

Коммуналдық объектілер жаңартылып жатыр ма? БҚО әкімі жауап берді

БҚО-да ТКШ жаңғырту: жаңа электр қосалқы станциясы шамамен 120 мың тұрғынды электр қуатымен қамтамасыз етеді.

037A4060

Фото: БҚО әкімінің баспасөз қызметінен

- Мемлекет басшысы өз жолдауында тұрғын үй шаруашылығы секторын тұрақты дамытудың маңыздылығын айтқан болатын. Осы орайда, өңірде коммуналдық шаруашылықты дамыту бойынша бірқатар жұмыс жүргізіліп жатыр.

Бүгінгі күні тұрғындардың қолайлы өмір сүруі үшін маңызды коммуналдық объектілердің құрылысы мен жөндеу жұмыстары аяқталды. Атап айтқанда, 60 – 70 - ші жылдардан бері  жөндеу көрмеген жаңа электр қосалқы станциялары пайдалануға беріліп, №3 кәріз-сорғы станциясы және №5 жылу магистралі жаңартылды.

Жаңа электр қосалқы станциясы Орал қаласының, жаңадан салынып жатқан шағын аудандарды және оған жақын орналасқан объектілерді, жалпы алғанда 120 мың тұрғынды электр қуатымен қамтамасыз етеді.  Ал №5 жылу магистралі 70 мың, №3 кәріз-сорғы станциясы 150 мыңға жуық пайдаланушыға қызмет көрсетеді.

Сонымен қатар Орал қаласы бойынша №2, №21, №18А кәріз-сорғы станцияларына, №2 жылу магистралі, №1 турбоагрегатқа қайта жаңарту жұмыстары және қаланың солтүстік-шығыс бетінде жаңа электр қосалқы станциясының құрылысы жүргізіліп жатыр.

Аталған нысандардың ішінен №2, №21 кәріз-сорғы станцияларын, №1 турбоагрегатты қайта жаңғырту және жаңа қосалқы электр станциясының құрылысы биыл аяқталатын болады. Сонымен қатар келесі жылы №29 кәріз-сорғы және №20-шы су көтергіш станцияларының құрылысы басталмақ.

Жалпы алғанда облыс орталығының негізгі және маңызды су әкету және су көтеру нысандарының барлығына жаңғырту жұмысы жүргізіліп, аяқталады.

Осы жылы аталған объектілерді реконструкциялауға республикалық және жергілікті бюджеттерден 21,4 млрд. теңге қарастырылды, - деді БҚО әкімі Нариман Төреғалиев орталық коммуникациялар алаңында.

БҚО әкімінің баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале