19.11.2024, 17:42
Оқылды: 65

Қонаев қаласында брайль қарпінде қазақша жазылған алғашқы балалар кітабының тұсаукесері өтті

"Қонаев қаласында брайль қарпінде қазақ тілінде жазылған алғашқы балалар кітабы – «Айналайын» атты әңгімелер мен өлеңдер жинағының тұсаукесері өтті. Бұл шара Алматы облысы әкімдігінің қолдауымен және ақын, «Білте» қоғамдық қорының президенті Мақпал Мысаның тікелей қатысуымен ұйымдастырылды. Жинаққа 22 автордың шығармалары енді. Жобаның мақсаты – ерекше қажеттіліктері бар балалар үшін білім алуға мүмкіндіктерді кеңейту", - деп хабарлайды ҚР Парламентінің Сенаты.

56e2ca51b34d4989900874daf796bfa0

Фото: senate.parlam.kz

Тұсаукесерге Парламент депутаттары, зиялы қауым өкілдері, мәдениет және білім саласының мамандары қатысты. Сенатор Амангелді Толамисов өз сөзінде жаңа кітаптың маңыздылығын атап өтіп, оның ерекше балалар үшін білім алу мүмкіндіктерін арттыруға көмектесетінін айтты.

«Бұл жинақ ерекше балаларға зор мүмкіндіктер ашады. Олар қазақ тілінде брайль қарпінде жазылған әдеби шығармаларды оқып, білімдерін жетілдіре алады. Мұндай жобалар қоғамда инклюзивті білім беруді дамытуда маңызды рөл атқарады. Балалардың оқу мен сөйлеу мәдениетін арттыру арқылы олардың тұлғалық дамуына үлес қосып, әлеуметтік бейімделуін жеңілдетеміз. Бұл жинақ балаларды өз күшіне сендіре отырып, олардың қоғамда толыққанды өмір сүруіне ықпал етеді», – деді сенатор Амангелді Толамисов.

Жоба авторы Мақпал Мыса өз сөзінде, осы кітаптың қазақ тілінде брайль қарпінде жариялануының маңыздылығын атап өтті. Кітап балаларға білім алуда жаңа мүмкіндіктер ашып, олардың сөйлеу мәдениетін дамытуға ықпал етеді. «Айналайын» жинағы балаларды өнер мен әдебиетке жақындатып, олардың жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруға көмектеседі.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале