Конькимен жүгіруден Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Томашув-Мазовецкийде (Польша) өткен Әлем кубогының кезеңінде қола медальға қол жеткізді. Бұл туралы Қазақстанның Ұлттық олимпиадалық комитеті хабарлады.
Сурет: комитеттен
Бұл сайыста ел намысын Анастасия Беловодова, Арина Ильященко және Алена Лифатова қорғады. Отандастарымыз командалық жарыстарда үшінші нәтиже көрсетті.
Айта кетейік, бірінші орынды Германия иеленсе, екінші орынды Норвегия жеңіп алды.