Мерген Константин Малиновский Дели қаласында өтіп жатқан нысана көздеуден Әлем Кубогының Суперфиналында жүлдеге таласады, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі
Ұлттық құрама спортшысы винтовкамен 50 метрден 3 позицияда оқ атудың іріктеуінде 589 ұпай жинады. Бұл Константиннің 5-сатыға табан тіреп, финалға шығуына мүмкіндік берді. Финал бүгін түсте өтеді. Онда іріктелген 8 спортшы бақ сынайды.
Еске сала кетейік, Үндістандағы Әлем Кубогының Суперфиналына таңдаулы мергендер шақырту алды. Бұл қатарға Париж Олимпиадасының чемпиондары, былтырғы Суперфиналдың жеңімпазы мен әлем рейтингінде 6-орынға дейінгі спортшылар кіреді (37 елден 132 спортшы). Мұнда 1-орынға – 5 мың еуро, 2-орынға – 4 мың, 3-орынға – 2 мың сыйақы береді.