13.04.2022, 16:00
Оқылды: 61

"Қоңырау" спектаклінің премьерасы өтті

Орал қалалық "Алтын Орда" балалар мен жасөспірімдер қоғамдық театрының бiр жылдығына орай тұңғыш рет қазақ сахнасында «Қоңырау» атты қойылымның премьерасы өтті.

16

Авторы - Қырғыз Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, драматург Бурул Калчабаева.

Қазақ тіліне аударған ҚР мәдениет саласының үздігі, актриса, аудармашы Эльмира Мақашева.

Қоюшы режиссері - Самал Әбуов.

Қоюшы суретшісі - Әсемгүл Төлепберген.

Балетмейстер - Қымбат Сариева.

18

Жалпы қойылым адамның табиғатпен үндестігін бейнелеп, қоршаған ортаны қорғау, оған қамқорлық таныту жер бетіндегі  кез келген жанның парызы мен борышы екенін еске салады.

19

Қойылымды тамашалауға келген Орал қаласы әкімінің орынбасары Мирболат Нұржанов ыстық ықыласын білдіріп, құттықтау сөз сөйлеп, ұжымға қала әкімі атынан алғысхаттар табыстады. Сонымен қатар қалалық мәслихат депутаттары Светлана Бахишева мен Арман Бигалиев сөз сөйлеп, балалардың өнеріне ризашылықтарын жеткізді.

20

Рөлдерді орындаған өнерпаздар Алдияр Мақсұт, Елнара Сейтжан, Аяжан Мағзомова, Сардар Ерен, Нұрай Нұрланұлы, Ерасыл Идеят, Дамира Асқарова, Қарақат Талғатова, Саят Ғабдысиық, Наргиз Шоқанова, Баян Нұрболат т.б. өте сәтті сомдады.

Қойылымды тамашалауға келгендер көрермен көп болды.

17

Мәдени ағарту бірлестігі жанынан құрылғанына бір жыл толған «Алтын орда» балалар мен жасөспірімдер қоғамдық қоғамдық театры алдағы уақытта да өз көрермендеріне басқа да қойылымдар ұсынуды жоспарлап отыр.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале