Үкімет отырысында Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов кейбір жер үй иелері өрт қауіпсіздігіне жауапты ТЖМ өкілдерін үйіне кіргізбейтінін айтты.
«Жеке тұрғын үй секторы министрліктің бақылауына жатпайтынын, тек аула аралау кезінде ұсыныстармен ғана шектелетінімізді атап өткім келеді. Оған қоса, көп жағдайда халық үйлеріне бас сұқтырмай, кеңес алудан бас тартады», - деді Шыңғыс Әрінов.
Бірақ сала мамандары маңызды ақпаратт халыққа SMS-хабарламалар, мүлік иелерінің бірлестіктерінің чаттары арқылы жолдап отырған көрінеді.
«Сонымен қатар, көп қабатты тұрғын үйлер мен адамдар көп жиналатын объектілерді пайдалануға қабылдау өкілеттіктерін министрлікке беру мәселесін шешіп жатырмыз», - деді ведомство басшысы.
inform.kz