6.07.2020, 11:27
Оқылды: 55

Көптеген мемлекеттің басшылары Елбасын құттықтады

Еlbasy.kz сайтының хабарлауынша, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына шетел мемлекеттері мен үкіметтері басшыларынан құттықтау хаттар легі жалғасуда.

5D182953-25D0-42BD-A8C7-66E0310F4AB7

Соның ішінде құттықтау жолдаған Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевқа зор денсаулық пен баянды ғұмыр тіледі.

«Сіз Қазақстан Республикасының негізін қаладыңыз және өз халқыңыздың ыстық ықыласы мен құрметіне бөленген ұлт көшбасшысысыз. Өзіңізбен бірге Қытай-Қазақстан қатынастарының игілігі жолында иық тіресіп жұмыс істеген кездерді жиі еске аламын. Екі ел ынтымақтастығын дамытуға қосқан зор үлесіңізді жоғары бағалаймын. Сіз әрдайым менің жақсы досым болып қала бересіз. Әрі қарай да Қытай мен Қазақстан арасындағы достықты дамытуға көңіл бөлесіз деп сенемін. Сізге мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр мен барлық бастамаларыңызға табыс, ал достас Қазақстан халқына бақ-береке тілеймін, - делінген Қытай Халық Республикасының төрағасы құттықтау хатында.

Ал Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиев құттықтауында Елбасы Нұсрсұлтан Әбішұлының сарабдал саясаты арқасында Қазақстан Республикасының даму мен өркендеудің даңғыл жолынан өткендігіне ерекше тоқталады.

Жеделхатта: «Сіздің көреген және табанды саясатыңыздың арқасында экономика айтарлықтай ілгері басып, халықтың әлеуметтік әл-ауқаты өсті және Қазақстанның халықаралық аренадағы беделі артты. Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, осынау айтулы күнде Сізді тағы да шын жүректен құттықтаймын және бауырлас Қазақстан халқына татулық пен бақ-береке тілеймін, - делінген

Армения Республикасының Президенті Армен Саркисян, Украина Президенті Владимир Зеленский, Польша Республикасының Президенті Анджей Дуда, Армения Республикасының Премьер-министрі Никол Пашинян, Литва Республикасының Президенті Гитанас Науседа, Латвия Республикасының Президенті Эгилс Левитс, Иордания Королі ІІ Абдалла ибн Хусейн әл-Хашими, Үндістанның Премьер-министрі Нарендра Моди және Люксембург Премьер-министрі Ксавье Беттель Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлын 80 жасқа толу мерейтойымен құттықтап, Қазақстанның тәуелсіздігін қалыптастыруда Елбасының ерен еңбегін ерекше ықыласпен атап өткен.

  zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале