Барша дүние жүзін, елімізді жайлап отырған қатерлі індеттің алдын алуда мемлекет тарапынан көптеген қолдаулар болып жатқандығы белгілі.
Осындай уақытта барша отандастарымды, жерлестерімді сабырлылыққа, төзімділікке шақырамын.
Бастысы, әр адам сақтық шараларына бейжай қарамауы тиіс.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үндеуіне құлақ асып, тәртіпті бұлжытпай орындап, сақтық шараларын алуымыз керек.
«Nur Otan» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы жанынан құрылған «Біз біргеміз!» қорының мүшесі ретінде облыс аумағында тұратын Ауған соғысына қатысушы жауынгерлерге, Чернобыль апатынан зардап шеккен азаматтарға, олардың отбасыларына партия тарапынан бір реттік 50 000 теңгеден қаржылай көмек берілді. Бұл еліміздегі жетекші партия тарапынан жасалынып отырған үлкен қолдау.
Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне теңестірілген жауынгерлер мен олардың отбасы мүшелері барылығы да дән риза.
Қатерлі дерттен аман-есен құтылып, мамыражай күнге тезірек оралайық дегім келеді.
Беркінғали Ғабделов,
«Nur Otan» партиясының мүшесі, «Мүгедектер және ардагерлерінің БҚО қоғам» қоғамдық бірлестігінің төрағасы