Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындылары бойынша, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы арзандады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Таңғы сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 4 қаңтар кешімен салыстырғанда 0,19 тиынға теңгеге төмендеп, 1 доллар 431, 61 теңге болды.
Ұлттық банктің 5 қаңтардағы ресми бағамы – 1 долларға 431, 80 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы 434,47 теңге, сатып алу – 435,50 теңге.
Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы 433,94 теңгеден болса, ал сатып алу құны – 435,50 теңге.