Кореяның ұлттық заманауи би ұжымы алғаш рет Астана Операда «Джунгли» хореографиялық туындысын сахналады. Бұл жөнінде ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі жазды.
Суреттер: министрліктен
Тұмса табиғат тіршілігі арқылы адам өмірін философиялық тұрғыда көрсететін бірегей қойылым көпшілік көрерменге ерекше әсер сыйлады.
«Джунгли» хореографиялық туындысы ұлттық заманауи би компаниясының көркемдік жетекшісі Ким Сонён жасаған атипті қозғалыстарды зерттеуге негізделген.
Өз ісінің мамандарынан құралған шығармашылық ұжымның 17 әртісі жоғары деңгейде өнер көрсетті.
Корея ұлттық заманауи би компаниясының өнер мен табиғаттың үйлесімін туған бірегей қойылымы астаналық көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.