22.02.2023, 12:04
Оқылды: 71

Қорғаныс министрі Ақтөбе гарнизонында болды

Генерал-полковник Руслан Жақсылықов Батыс өңірге жұмыс сапары барысында әскери инфрақұрылым нысандарын тексерді. Бұл туралы қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

9bcb72af1b4ceb236a4b6df509bb9f1f_1280x720

Фото: gov.kz

Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжановпен бірге министр екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Талғат Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштерінің әскери институтына және облыс орталығының басқа да бірқатар мекемелеріне барды.

Қорғаныс ведомствосының басшысы әскери білім ордасының оқу-материалдық базасымен танысып, профессорлық-оқытушылық, ұшқыштар-нұсқаушылар және инженерлік-техникалық құрамымен кездесті.

Генерал-полковник Руслан Жақсылықов курсанттардың тәжірибе ұшуларын орындайтын далалық әуе айлағына барды. Ақтөбе қаласының әскери госпиталіне барған кезде генерал-полковник Руслан Жақсылықов емдеу мекемесінің жабдықталуымен және әскери қызметшілерге арналған медициналық көмекті ұйымдастыру жүйесімен танысты.

Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов жалпы тәжірибеде әскери дәрігерлер дайындайтын Әуе қорғанысы күштерінің әскери институты мен Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінің ынтымақтастығына оң баға берді.

«Қауіпсіз ел» ұлттық жобасының іс-шараларын орындау, оқ-дәрілерді қауіпсіз сақтауды қамтамасыз ету және қоймалардың құрылысына қатысты Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыруға ерекше назар аударылып отыр.

Жұмыс сапарының соңында қорғаныс ведомствосының басшысы қойылған оқу-жауынгерлік міндеттерді толық және сапалы орындауға, қоймаларды салу барысында техникалық регламенттерді сақтауға, әскери объектілердің диверсияға және өртке қарсы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар тапсырмалар берді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале