4.03.2022, 14:30
Оқылды: 44

Қорғаныс министрлігі әскери қызметшілерді әлеуметтік қорғау саласындағы заңнаманы жетілдіруде

Парламент Сенатының пленарлық отырысында Қорғаныс министрлігінің «Тұрғын үй қатынастары туралы», «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» және «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» заңдарына түзетулер енгізуді көздейтін заң жобасы қаралды.

 FqQL9ACmQDLgq6kXfrxwsilksyBLMBMe6yh3TV0I

Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ұсынылып отырған заң жобасы әскери қызметшілер мен арнайы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің әлеуметтік қамтамасыз етілуін жақсартуға, олқылықтар мен коллизиялар болған әскери қызмет өткеру мәселелерін регламенттеуге мүмкіндік береді,  – деп атап өтті генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдинов.

Тұрғын үй қатынастары туралы» заңға арнаулы мемлекеттік органның қайтыс болған (қаза тапқан) қызметкерінің немесе әскери қызметшінің отбасы мүшелерінің қызметтік тұрғын үйлерді жекешелендіру, ақшалай өтемақы алу және айырбастау құқығын пайдалану құқығына мұрагерлік ету мүмкіндігін бекіту жөніндегі өзгерістерді енгізу жоспарланып отыр.

«Модульдік тұрғын үй» ұғымын енгізу жоспарланып отыр. Бұл тез тұрғызылатын және тасымалданатын құрылыстар. Олар жабық және оқшауланған әскери қалашықтарда орнатылатын болады. Бұл қысқа мерзімде алыс гарнизондардағы әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерін тұрғын үймен қамтамасыз етуге, ал қажет болған жағдайда модульдік ғимараттарды көп шығынсыз тез арада жинап, көшіруге мүмкіндік береді.

«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» заңға әскери қызметшілердің құқықтары мен міндеттерін кеңейтуді және әскери қызметке кіру кезінде жас шамасын ұлғайтуды көздейтін өзгерістер енгізілмекші. Сондай-ақ үздіксіз әскери қызмет ету шарттарын, әскери қызметшілердің материалдық жауапкершілігін айқындау тәртібін белгілеу ұсынылды.

«Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» заңда әскери қызметшілердің және арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің қызмет өткеру тәсілдерін біріздендіруге бағытталған түзетулер көзделген.

Заң жобасы сондай-ақ, әскери қызметке қатысты заңнамадағы жекелеген қайшылықтар мен олқылықтарды жоюға мүмкіндік береді.

Парламент Сенатының депутаттары заң жобасында ұсынылған өзгерістерді қолдады. Сонымен қатар әскери қызметшілердің құқықтарын реттеу мәселелерінде кешенді тәсілді қамтамасыз ету қажеттілігіне байланысты бірқатар түзетулер көрсетілген.

baq.kz 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале