27.02.2024, 9:15
Оқылды: 74

Қорғаныс және оқу-ағарту министрліктерінің жобасы: биыл «Балдәурен» орталығында мыңнан астам бала демалады

Қарулы күштер әскери қызметшілерінің балалары Түркістан, Щучинск және Балқаш қалаларындағы «Балдәурен»  республикалық оқу-сауықтыру орталығының (РОСО) филиалдарына келді. Ал бүгін Ақтаудан әскери-көліктік ұшақпен келген оқушылар Қонаев қаласындағы республикалық орталыққа орналасты.

Бұл туралы қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі жазды.

3eef8c958fc8810cca56b9a8af4d30b0_1280x720

Бұл Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов пен Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың осы жылдың қаңтар айында өткен кездесуі кезінде қол жеткізілген уағдаластықтың нәтижесі.

Оның қорытындысы бойынша жастарға әскери-патриоттық тәрбие беруді жетілдірудің бірлескен жоспары әзірленіп, бекітілді. «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығының филиалдарында әскери қызметшілер мен Қарулы күштер қызметшілерінің балаларына квота бөлу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

b605c60739417319f0fd23dcab3b18ed_1280x720

Демалысқа бірінші кезекте шалғайдағы гарнизондарда әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілер мен азаматтық персоналдың, толық емес және көпбалалы отбасыларда тәрбиеленіп жатқан  балалар жіберілді.

Орталықта балалар 21 күн демалады. Бұл ретте мәдени-демалыс және сауықтыру іс-шараларынан басқа балалар мектеп бағдарламасының пәндері бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде сабақ оқиды.

Бұл 2024 жылы «Балдәурен» орталығының филиалдарында мыңнан астам баланың денсаулығы мен жеке дамуы үшін пайдалы демалыс болмақ.

Министрліктердің бірлескен жоспарында «Балдәурен» РОСО ведомстволық тиесілілігіне, штат кестесіне, «Алтын емел» кешенінің инфрақұрылымын жетілдіруге, жөндеу жұмысын жүргізуге, спорт қалашығын салуға және аудитория жабдықтауға қатысты бірқатар ұйымдастыру іс-шарасын өткізу көзделгенін атап өткен жөн.

Мұндай ынтымақтастық әскерге шақырылғанға дейінгі жастармен жұмыс істеуге бағытталған. Әскери істің негіздерін үйренуден практикалық сабақтарды қамтитын тиісті оқу бағдарламасы да енгізілуде.  «Жас сарбаз»,  «Смарт сарбаз» сыныптары ашылады. Басқа да іс-шаралар жоспарланып отыр. Әскери-патриоттық клубтардың тәрбиеленушілері үшін бірыңғай нысанды енгізу мәселесі жуырда шешіледі.

Осы іс-шаралардың барлығы 2030 жылға дейінгі жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу тұжырымдамасын іске асыруға қызмет етеді.

Фото: www.gov.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале