Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің «Қорғас ШЫХО» кеден бекетінің қызметкерлері 2024 жылғы 25-26 мамыр аралығында кеден заңнамасын бұза отырып темекі өнімдерін тасымалдаудың 2 фактісін, валютаны заңсыз шығарудың 2 фактісін, смартфондарды тасымалдаудың 1 фактісін және дәрілік заттарды тасымалдаудың 1 фактісін анықтады. Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады.
Осылайша, азамат Х.-тың жеңіл автокөлігін кедендік тексеру кезінде автокөліктің ішінен «OSCAR», «ESSE» маркалы 2161 блок темекі бұйымдары, ал азамат М.-да «MILANO» және «MAC» маркалы 205 блок темекі өнімдері табылды.
Қазақстанның екі азаматынан кедендік тексеруден жасырып, валюта бағамы бойынша 10 000 АҚШ долларына тең сомадан асатын 11 миллион теңге анықталып тәркіленді.
Жолаушылар терминалында кедендік тексеру жүргізу кезінде Қазақстан азаматы Р-дан кедендік тексеруден жасырылған «REDMI» маркалы 25 смартфон тәркіленді.
Сондай-ақ, кедендік бақылау кезінде Қазақстан азаматы Х.-дан бір қаптамада 50 дана көлемінде 83 қаптама дәрі-дәрмек анықталып, ұсталды.
Қазіргі уақытта осы фактілер бойынша кеден заңнамасын бұзушыларды әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселесі қаралуда, оның ішінде тауарлар мен көлік құралдарын тәркілеуді қарастырады.