5.04.2024, 11:00
Оқылды: 61

«Қорғаста» ҚХР азаматтары ұйымдастырған алты астыртын казино жойылды

«Қорғас»  шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы аумағының Қазақстан жағында алты заңсыз ойын бизнесін және жыныстық сипатта қызмет көрсетуді ұйымдастырған ҚХР азаматтары ұсталды.

Бұл туралы қаржы мониторингінің баспасөз қызметі хабарлады.

3d2b901d54bb6bc4fdcd6d15046c785a_1280x720

Фото: www.gov.kz

Аталған орындарды ҚМА-ның Жетісу облысындағы департаменті, облыстық прокуратура, Ұлттық қауіпсіздік департаменті, облыстық полиция қызметкерлері және шекара қызметімен бірлесіп, жойды.

Анықталғандай, астыртын ойын мекемелері түнгі уақытта шектеулі адамдар үшін, атап айтқанда Қытай азаматтары үшін ғана жұмыс істеді.

Тінту нәтижесінде төрт коммерциялық ғимаратта 76 ойын автоматы, 43 ойын үстелі, құмар ойындарын ұйымдастыруға қажетті көптеген техникалық құрал-жабдық, сондай-ақ 60 мың юанньнан астам ақшалай қаражат табылып, тәркіленген.

Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале