"Көркем гимнастикадан Өзбекстан астанасы Ташкентте өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына алғашқы медаль түсті", - деп хабарлайды Olympic.kz.
Фото: olympic.kz
Топтық жаттығудан Қазақстан командасы көпсайыста Азия біріншілігінің қола жүлдегері атанды.
Біздің спортшылар бес шығыршықпен, сондай-ақ, екі доп, үш таспамен жаттығудан жалпы есепте үшінші орынға табан тіреді.
Қазақстандықтар 5 шығыршық жаттығуы үшін 32.05 ұпай алса, 2 доп, 3 таспа жаттығуында 29.25 ұпай еншіледі.
Айта кетелік, топтық жаттығудан Қазақстан командасын ресейлік маман Инна Быстрова жаттықтырады.