Коронавирус Еуропаны қатты қысымға алып отыр. Бүгінде құрлықта адам өліміне бірінші себеп – осы COVID-19 вирусы. Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының аймақтық бюросында Еуропада ағымдағы беталыс сақталса, алдағы жылдың наурыз айына қарай ковидтен болған асқынудан қайтыс болғандар саны екі миллионнан асатынына алаңдап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат euronews агенттігіне сілтеме жасап.
«Алдымызда күрделі қыс тұр, бірақ үмітімізді үзбеуіміз керек, себебі барлығымыз – үкіметтер, денсаулық сақтау органдары, әрқайсымыз эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру үшін батыл шаралар қабылдай аламыз», - деп жазды Twitter-де ДДСҰ Еуропаалық бюросының директоры Ханс Клюге. Коронавирустың жылдам таралуына үш фактор әсер етуде. Біріншіден, Еуропада өте жұқпалы дельта-нұсқасы басым болуда. Екіншіден, бірқатар елдерде шектеулер жеңілдетілген. Ал үшіншіден, көптеген еуропалықтар әлі де вакцина салдыртпаған. ДДСҰ тұрғындарға екпені белсендірек салуды кеңес етеді. Сондай-ақ, вирустың алдын алу шаралары: маска тағу, қол жуу, бөлмелерді желдетіп отыру, қашықтықты сақтауды ұмытпау туралы кеңес етілуде.