20.07.2020, 14:59
Оқылды: 41

Коронавирус инфекциясы бойынша БҚО-да эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз

20 шілдеде Батыс Қазақстан облысында коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз. Облысымызда коронавирус инфекциясымен барлығы 4742 жағдай тіркелді.

EF19C624-15BA-48E8-A148-F641F23D6E55

Коронавирус инфекциясының ауру белгілерімен 2365 жағдай анықталса, 2377 жағдайда ешқандай КВИ белгілері жоқ. 100 мың тұрғынға шаққанда аурушаңдық көрсеткіші 722,4 құрады.

Облысымызда індеттен 3619 адам жазылса, өкінішке орай 22 жағдай өліммен аяқталды.

Коронавирус инфекциясының ауру белгілері бар 2365 науқас 1784 ошақта тіркелді. Аурушаңдық көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 360,3 құрады.

Коронавирус инфекциясының ауру белгілерімен тіркелген науқастарды аудандарға бөліп қарастыратын болсақ, Ақжайық ауданында – 147 жағдай, Бөкей орда ауданында – 36, Бөрлі ауданында – 164, Жаңақала ауданында – 20, Жәнібек ауданында – 77, Бәйтерек ауданында – 174, Казталов ауданында – 21, Қаратөбе ауданында – 24, Сырым ауданында – 50, Тасқала ауданында – 59, Теректі ауданында – 104, Шыңғырлау ауданында – 30 және Орал қаласында 1459 жағдай тіркелді.

1 маусым мен 20 шілде аралығында облыста симптомдармен 1741 жағдай тіркелді. Оның ішінде 757 жағдай өздерінен бұрын коронавирус инфекциясы анықталған адамдармен жақын қарым-қатынаста болған тұлғалар арасында тіркелсе, 831 адам өздігінен жүгінген, профилактикалық тексеру барысында коронавирус инфекциясы 92 пациенттен, эпидемиялық қадағалау бойынша – 61 пациенттен анықталды.

28 аптада (13.07.-19.07.2020ж.) облыста 691 жағдай анықталды, оның ішінде 345 жағдай симптоммен анықталды. 28 апта бойынша орташа өсім көрсеткіші 2,3% пайызды құрады.

19 шілде күні облысымызда коронавирус инфекциясымен 95 жағдай тіркелді, оның 52 жағдайы симптомдармен, 43 жағдай ешқандай симптомсыз болып отыр.

Тіркелген 95 жағдайды аудандарға бөліп қарастыратын болсақ, Ақжайық ауданында – 15 жағдай, Бөрлі ауданында – 17, Жаңақала ауданында – 2, Жәнібек ауданында – 6, Бәйтерек ауданында – 21, Казталов ауданында – 6, Сырым ауданында – 3, Теректі ауданында – 1, Шыңғырлау ауданында 5 және Орал қаласында 19 жағдай тіркелді.

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале