1.07.2021, 11:53
Оқылды: 35

"Коронавирус инфекциясын тек вакцина тоқтата алады"

Бибігүл Айтбаева, облыстық көпбейінді аурухананың дәрігер-инфекционисі:

3BE3F9CA-6F24-49C1-ABF1-3E41162218EE

– Екпе ғана адамзатты аса қауіпті инфекциялардан қорғайды. Кезінде тап осындай вакцина обаға қарсы егілді. Вакцина оба, туляремия, дифтерия, сіреспе, қызылша секілді аса қауіпті аурулармен күресу үшін дайындалады. Бұл індеттер әлем бойынша тез таралып, көп адамға жұғып, өлімге де соқтырады. Жалпы, вакцина барлық жұқпалы ауруға қарсы жасалмайды. Сондықтан коронавирус инфекциясын да тек вакцина тоқтата алады. Егер халықтың кем дегенде 62-80%-ы екпе алатын болса, ұжымдық иммунитет қалыптасады. Міне сонда ғана біз қатерлі індеттен қорықпай, қалыпты өмірге ораламыз. Тұрғындардың екпеден қорықпауларын сұраймын. Ең бастысы, екпе алмастан бұрын ауырмау керек. Ауру жұқтыруы мүмкін жерлерге бармау қажет. Егер екпе алар алдында қоғамдық орындарда, көпшілік көп жиналатын жерде жүрген болса, 14 күн бойы ауру белгісі білінбейді. Алайда осы күндері адам ағзасында вирус орнығып қалған болуы мүмкін. Ал сондай кезде екпе алса, ауырып қалуы ғажап емес.

Жалпы, екпе алған адамның ағзасында алғашқы 2-3 күнде қызу көтеріліп, әлсіздік білінуі мүмкін. Бірақ олар тез өтіп кетеді. Тұрғындар арасында екпеге қарсы түрлі пікірлер айтылуда. Алайда індетке қарсы күрестің бірден-бір жолы – екпе алу. Екпе ерікті түрде әрі тегін жүргізіледі. Вакцина салардың алдында медициналық тексерістен өткізеді. Аллергиялық реакция немесе  созылмалы ауруы болған жағдайда арнайы құжат (медотвод) беріледі. Мен инфекционист маман ретінде мамыр айында  індетке шалдыққан  100 науқыстың құжатын қарап, жұмыстанып көрдім. Олардың арасында екпе алғаннан кейін ауырған 8 науқас болған екен. Бұл науқастардың  төртеуі екпенің екі компонентін де алған болса, қалғаны тек бірінші компонентін ектірген. Алайда олардың бойындағы індет орташа дәрежеде өтті. Яғни ауру асқынбады, жансақтау бөліміне түскен жоқ. Мен олардың қатты ауырмауына екпе себеп болды деп ойлаймын. Сондықтан тұрғындарды екпеден бас тартпауға шақырамын.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале