ҚР Денсаулық сақтау министрлігі соңғы тәулікте коронавирустан қайтыс болғандар статистикасын жариялады.
Оған сәйкес, 28 желтоқсан күні Қазақстан аумағында 8 адам коронавирустан қайтқан.
Коронавирустан ажал құшқандардың ішінде ең көбі Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында - 2 науқас.
Нұр-Сұлтан қаласы мен Қарағанды, Алматы, Ақтөбе облыстарында - бір адамнан көз жұмған.
Еліміздің басқа өңірлерінде қайғылы жағдайлар тіркелген жоқ.
Дереккөз: ҚазАқпарат