Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев коронавирустың өршуіне қарамастан тұрғындарды сабыр сақтауға шақырды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Кеше Egov порталындағы карта дүрбелең туғызды. Себебі көптеген азамат мұны коронавирустың таралу аумағын көрсететін карта деп ойлап қалды. Алайда онда науқастармен байланыста болғандардың саны көрсетілген. Барлығы медициналық бақылаудан өтті. Олар ауруды жұқтырмағаны анықталды. Дүрбелең туғызуға себеп жоқ", - деді бүгін министр орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Сонымен қатар Дәурен Абаев түсінікті болу үшін Egov порталындағы карта жетілдіріліп жатқанын атап өтті.
Соңғы мәлімет бойынша, елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны 62-ге жетті.
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер