10.12.2020, 10:34
Оқылды: 29

Коронавирус: Теңіз кенішіндегі стационарда 200 науқас емделіп жатыр

Көршілес Атырау облысында орналасқан Теңіз кенішіндегі инфекциялық стационарда коронавирус инфекциясын жұқтырған 200 науқас емделіп жатыр. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

2C5ED0AD-4136-42AB-9AD8-BCCBB3C905BC

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, өткен тәулікте 28 адамнан коронавирус инфекциясы анықталған. Оның ішінде Атырау қаласының 8 тұрғыны мен Теңіз кенішіндегі 17 жұмысшы бар. Сондай-ақ Құрманғазы ауданында тұратын 3 адамнан да қауіпті індеттің белгісі табылған.

«Атырау облысында өткен тәулікте коронавирус инфекциясынан 48 науқас емделіп шықты. Қазір 136 адам үй жағдайында, облыстық инфекциялық стационарда 48 , Индер, Қызылқоға, Құрманғазы аудандарындағы стационарда 8 пациент емделуде. Ал Теңіз кенішіндегі инфекциялық стационарда 200 науқас ем қабылдап жатыр» - деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Еске сала кетсек, бұдан бұрын Теңіз кенішінде бір тәулікте 42 жұмысшы індет жұқтырғанын хабарлаған болатынбыз.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале