ҚР Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа шалдыққан науқастар бойынша мәлімет ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
13 желтоқсандағы дерекке сәйкес, ел өңірлерінде коронавирус инфекциясынан 21 128 адам (–18 354+ және 2 774 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 4 147 пациент стационарда, 16 981 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+ (коронавирус), КВИ- (коронавирус пневмониясы) шалдыққандардың арасында:
- 330 адамның жағдайы ауыр;
- 88 пациенттің жағдайы өте ауыр;
- 64 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.