9.09.2020, 15:33
Оқылды: 48

Коронавируске қарсы қазақстандық вакцина: Сынаққа 600-ден аса адам қатыспақ

627 адам коронавирус инфекциясына қарсы «QazCovid-in» қазақстандық вакцинасының клиникалық сынағына қатысуға өтінім берді.

vaksina

«Құжаттарды қабылдау осы жылдың 10 қыркүйегінде аяқталады. Бүгінгі күні 627 адам біз жасаған вакцинаны өздеріне салдыруға ниет білдірді. Бірінші кезеңде біз 44 адамды, екіншісінде 240 адамды іріктеуді жоспарлап отырмыз. Біз вакцина туралы жоғары хабардарлыққа, қазақстандықтардың жағымды мотивациясы мен патриотизміне қуаныштымыз. Мұндай сенім іс жүзіндегі қолдау ғана емес, сонымен қатар біз сияқты өндіруші үшін және бүкіл қазақстандық ғылымға үлкен моральдық қолдау болатыны анық. 627 адамның әрқайсысы, тіпті олар еріктілер қатарына кірмесе де, біз үшін батыр деуге болады. Біз оларға барлық қазақстандықтардың денсаулығы мен қауіпсіздігін сақтауға қосқан жеке үлесі үшін өте ризамыз», - деді БҚПҒЗИ бас директоры Күнсұлу Зәкәрия.

Еске салсақ, Қазақстанда 2020 жылдың 23 наурызында COVlD-19-ға шалдыққан алғашқы пациенттен патологиялық материал алынып, бір аптадан кейін ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты SARS-CoV-2 вирусын бөліп шығарды. 2020 жылдың 9 мамырында COVlD-19-ға қарсы кандидат инактивтелген вакцина әзірлеу бойынша жұмыс аяқталып, оның хаттамасы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына жіберілді.

15 мамырда ДДСҰ алдын ала тексеруден кейін оны клиникаға дейінгі сынаққа жіберілген кандидат вакциналар тізіміне қосып, вакцина және әзірлеуші туралы ақпаратты ресми сайтында орналастырды. 2020 жылдың 15 мамырында зертханалық тышқан, сириялық атжалман, теңіз шошқасы, күзен және үй қоянына кандидат вакцинаны клиникаға дейінгі сынақ басталды. Клиникаға дейінгі сынақ вакцинаның ДДСҰ регламенттеген барлық параметрлер, атап айтқанда уыттылығы, дерт туындатушылығы, аллергенділігі, иммуногендігі бойынша ДДСҰ талаптарына және Қазақстан Республикасының мемлекеттік фармакопиясына сай келетіндігін көрсетті. 2020 жылдың 26 шілдесінде вакцинаның 5 әзірлеушісі тірі вируспен жұмыс істеу барысында қауіпсіздіктерін қамтамасыз ету үшін ерікті түрде ванцинаны өздерінде сынады. Бірнеше тәулік өткеннен кейін олар өздерін жақсы сезініп, дене қызуы мен аллергиясы болмаған. Отандық вакцинаның клиникаға дейінгі сынағы биылғы 20 тамызда аяқталып, нәтижесі ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне берілетіні бұған дейін мәлім болған еді.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінен рұқсат алынғаннан кейін 2020 жылдың 20 қыркүйегінде Алматы қаласындағы клиниканың базасында COVID-19-ға антиденесі жоқ 44 еріктіге клиникалық сынақ (І фаза) басталады. Сонымен қатар, қазақстандық вакцинаның сынағына қатысатын еріктілерге қандай талап қойылатындығы айтылды. Қыркүйекте 244 еріктіге қазақстандық вакцина салынбақ.

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале