17 наурыздағы мәлімет бойынша Қазақстанда 8 992 адам коронавирус инфекциясынан (7 942 КВИ+ және 1 050 КВИ-) емделіп жатыр.
Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясына сілтеме жасап хабарлайды.
Емеліп жатқандардың ішінде:
747 пациент стационарда,
8 245 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
75 адамның жағдайы ауыр,
14 пациенттің жағдайы өте ауыр,
13 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.