14.10.2022, 10:16
Оқылды: 41

Коронавирустан емделіп жатқан 4 науқастың жағдайы өте ауыр

14 қазандағы мәлімет бойынша, 1 008 адам коронавирус инфекциясынан (–866 + және 142 КВИ-) емделуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми сайтына сілтеме жасап.

220709111114382e

Емделіп жатқандардың ішінде 110 пациент стационарда, 898 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

2 адамның жағдайы ауыр,

4 пациенттің жағдайы өте ауыр,

2 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.

Айта кетейік, бүгінгі таңда Қазақстанда 10,839,156 адам коронавирусқа қарсы вакцинаның I компонентін, 10,599,110 адам II компонентін салдырды.

Ревакцинациядан өткендер – 5,573,357 адам.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале