Кеше видеоконференция форматында премьер-министр Асқар Маминнің төрағалығымен ҚР аумағында коронавирустың пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті.
Кездесу барысында қазіргі уақытта БҚО-да, Қостанай және Маңғыстау облыстарында аурудың ең төмен көрсеткіші тіркеліп отырғаны туралы айтылды. Бұл көрсеткіш біздің облыста 100 мың тұрғынға шаққанда 158 адамды құрады. Алайда аймақ басшысының айтуынша, бұл шектеу шараларын бәсеңдетуге себеп емес.
Облыс әкімі Ғали Есқалиев бұл көрсеткіш күн сайын өзгеріп, аурудың төмен өсу қарқынын ұстап тұру үшін шектеу шараларын енгізу қажет болуы мүмкін екенін айтты.
2020 жылғы 17 маусымдағы жағдай бойынша облыста 1041 коронавирус инфекциясы тіркеліп отыр. Сауығып кеткендердің саны 670 адамды құрайды.
zhaikpress.kz