13.02.2023, 18:00
Оқылды: 50

Қоршаған орта сапасының еуропалық стандарты Қазақстанда таныстырылды

Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі «Еуропалық Одақ – Орталық Азия: су ресурстары, қоршаған орта және климаттың өзгеруі саласындағы ынтымақтастық» (WECOOP) жобасының және Еуропалық Одақтың Қазақстандағы өкілдігінің қолдауымен қоршаған орта сапасының стандарттары бойынша семинар өткізді. Бұл туралы министрліктің сайтында жазылды.

474aa145dbfbf1b3cb07d66f3c77bf78_1280x720

Семинарға Экология және табиғи ресурстар, Денсаулық сақтау, Индустрия және инфрақұрылымдық даму, Ауыл шаруашылығы министрліктерінің, ведомстволық бағынысты, халықаралық ұйымдар мен жұртшылықтың өкілдері қатысты.

Семинардың мақсаты – қоршаған орта сапасының стандарттарын белгілеуге еуропалық көзқарасқа шолу жасау және институционалдық мәселелер мен әлеуетті арттыру мәселелеріне баса назар аудара отырып, осы стандарттарды енгізу бойынша Еуропалық Одаққа мүше жаңа мемлекеттердің тәжірибесімен бөлісу.

Жиын барысында ЕО-дағы қоршаған орта сапасын басқарудың негізгі қағидаттары, ауа сапасын басқару және стандарттары, Латвия мысалында ЕО-ның ауа сапасын басқару жүйесіне көшу, ЕО-дағы су сапасын басқарудың негізгі қағидаттары, Латвия мысалында ЕО су сапасын басқару қағидаттарын қолдануға көшу, топырақ сапасының еуропалық стандарттары туралы баяндамалар ұсынылды.

Бұл тәжірибе Қазақстан Республикасының Экология кодексіне сәйкес сапаның экологиялық нормативтерін әзірлеу кезінде зерделенеді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале