13.10.2017, 19:43
Оқылды: 37

Қоршаған ортаға шығатын зиянды заттар көлемі азайтылмақ

DSC_0147(1)12-13 қазан күндері мемлекеттік-экологиялық сараптаманың сарапшылық кеңесінің кезекті жиналыстары өтті.
Алғашқы күні жиналыс Бөрлі ауданында, нақтылап айтқанда ҚПО б.в.компаниясының аумағында болды. Кеңес мүшелері аталмыш компанияның өндірістік нысандарын, экологиялық орталығын аралап шыққан соң, ҚПО басшыларымен, мамандарымен, жобалаушылармен көшпелі кеңес өткізді.
Жиынды ашқан БҚО бойынша экология департаменті басшысы, мемлекеттік экологиялық сараптаманың сарапшылық кеңесінің төрағасы Ербол Қуанов ҚР Экологиялық кодескінің 56-бабына сәйкес қауіптілігі жоғары нысандарға қатысты мемлекеттік-экологиялық сараптаманың қорытындысын қарау үшін осындай кеңес құрылғанын мәлімдеді. Былтыр құрылған кеңес құрамына құзыретіне қоршаған ортаны қорғауға байланысты қызметтер кіретін мемлекеттік құрылым басшылары, ғалымдар, кәсіпкерлік палатасы, БАҚ, қоғамдық ұйым өкілдері енгізілді. Былтыр төрт жобалық мәліметтерді қараған кеңестің бес отырысы болса, биылғы тоғыз айда 7 жобалық мәлімет бойынша 4 жиын ұйымдастырылды.
Мына кеңесте 2018 жылға арналған Қарашығанақ мұнай-газ конденсаты кен нысандарының атмосфераға лаштағыш заттардың шектеулі-рауалды шығындыларының және жер асты қабатына ағынды сумен бірге айдалатын ластағыш заттардың шектеулі-рауалды төгінділерінің нормативтері жобалары қаралды.
-Бұған дейінгі болған жиында осы екі жоба бойынша кеңес мүшелері өз ұсыныстарын берген еді. Компания басшылығы бұл ұсыныстар бағыныда жұмыстанған. Экологиялық ахуалды жақсартуға бағытында ҚР Энергетика министрлігінің және облысымыздың арнайы жоспарлары бар. Соған сәйкес қоршаған ортаға шығатын зиянды заттар көлемін жыл өткен сайын тұрақты азайтылуы керек. ҚПО б.в. компаниясы алғашында 2018 жылы 28 мың тонна зиянды заттар шығару жөнінде ұсыныс берді. Біз кері қайтарғаннан кейін бүгін 19 мың тонна дейін түсірген жобаларын ұсынды. Кеңес қорындысы бойынша біз бұл жобаға келісімізді бердік. Екінші жоба бойынша да тиісті шешімдер алынуына байланысты ол да қолдау тапты,-деді жиын соңында БАҚ өкілдеріне сұхбат берген Ербол Қуанов.
Бүгін БҚО бойынша эколгия департаментінде өткен мемлекеттік экологиялық сараптаманың сарапшылық кеңесінің жиынында «БатысЭкоОрталығы» ЖШС-ның екі бірдей жобасы қаралды. Аталмыш компания басшыларының болмауына байланысты және Орал қалалық әкімдігінен қосымша мәліметтер сұрату үшін бұл жобаларды қарау кейінге қалдырылды. Ал «Жайықмұнай» ЖШС жобасын талқылау үшін кеңес мүшелері келесі аптада Шынарлы кен орнына барып, көшпелі кеңес өткізу жөнінде шешім қабылдады.

Сәкен ӘБІЛХАЛЫҚОВ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале