6.11.2025, 13:00
Оқылды: 56

Қорықты қорғау күшейе түспек

Ақбұлақ  ауылында  жаңа  ерікті  өрт  сөндіру  бекетінің  салтанатты  ашылу  жиыны  өтті.  Іс-шараға  ҚР  Төтенше жағдайлар  министрі,  генерал-лейтенант  Шыңғыс  Әрінов, облыс әкімінің орынбасары  Қалияр Айтмұхамбетов, аудан  әкімі  Еркебұлан  Ихсанов,  төтенше  жағдайлар  департаментінің  басшылары,  өрт  сөндіру  бөлімдерінің  өкілдері, ауыл  тұрғындары  қатысты. 

 пожарн.пост в Акбулаке (5)

Бұл нысан «Ауыл құтқарушылары» ведомстволық бағдарламасы аясында ашылды. Ол ауылдық жерлерде ерікті өрт сөндіру бөлімшелерінің желісін дамытуға және өрт қауіпсіздігін күшейтуге  қызмет етеді. Жаңа бекет Ақбұлақ, Ақсу, Достық және Жаңақоныс ауылдарына қызмет көрсетеді. Аталған елді мекендерде 1700-ден астам  адам  тұрады.

Салтанатты рәсімде сөйлеген сөзінде министр мұндай нысандардың ашылуы азаматтық қорғау жүйесіндегі маңызды бетбұрыс екенін және ерікті өрт сөндіру қозғалысын дамыту төтенше жағдайларға ден қою жүйесін жылдамырақ әрі халыққа жақындата түсетінін айтты.

– «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясында әр ауылда шағын өрт сөндіру бекетін салу жоспарланып отыр. Елімізде 6000-нан астам ауыл бар, оның 416-сы Батыс Қазақстан облысында. Салынған нысандар қабылданған стандарттарға сәйкес келеді және барлық қажетті жабдықпен жабдықталған. Бұл бастама жалғаса береді. Біз нақты нәтижелерді көріп отырмыз және жергілікті жерде осы бастаманы қолдағандарға алғыс айтамыз, – деді  Шыңғыс Әрінов.

пожарн.пост в Акбулаке (11)

Жаңа өрт сөндіру бекеті заманауи жабдықтармен жабдықталған. Онда қызмет атқаруға қажетті барлық жағдай жасалған: мұнда өрт сөндіру техникасына арналған бокс, кезекшілер бөлмесі, асхана, қойма, душ және демалыс бөлмелері бар. Еріктілер ТЖМ бөлімшесі берген өрт сөндіру аутоцистернасымен, өрт сөндірушінің жауынгерлік киімімен және жедел байланысқа арналған радиостансалармен жарақтанған. Өрт сөндіру бекетінің құрылысын «ТЕМ-07» ЖШС жүргізді. Нысанның айналасы абаттандырылған, қоршалған, асфальтталған. Салтанатты іс-шара барысында аулаға көрік берер шыршалар отырғызылды.

Мұндай бекеттердің құрылуы жергілікті қызметтердің төтенше жағдайларға ден қою дайындығын едәуір арттырып, ауыл тұрғындарының қауіпсіздігін  нығайтады.

пожарн.пост в Акбулаке (1)

Бекеттегі команда жергілікті тұрғындардан құралған, бес адам жұмысқа тұрақты қызметке алынды. Штатты тоғыз адамға жеткізу көзделген. Бұрын ауылда ерікті өрт сөндірушілер құрылымы болды. Енді бұл бекет Ақбұлақ ауылдық округіндегі өрттерді сөндіру, апатты-құтқару және басқа да кезек күттірмейтін шаруаларды атқарады. Округ аумағы 83,5 мың гектар аумақты алып жатыр. Осы округте туристер мен спортшылардың қызығушылығын тудыратын Миргород қорығы бар.

 

Гүлбаршын Дыбысқалиқызы,

Бөрлі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале