27.05.2021, 14:43
Оқылды: 46

Қос лауазымды тұлғаға қатаң сөгіс берілді

Ағымдағы жылдың 25 мамыры күні бейнеконференцбайланысы режимінде өткен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысындағы Әдеп жөніндегі кеңесінің кезектен тыс отырысында департаментке түскен азаматтардың арыз-шағымдарының қаралу нәтижелері бойынша мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтамау мәселелеріне қатысты екі лауазымды тұлғаның тәртіптік жауапкершілігі қаралды.

7DA0C674-5A1E-4F9F-BB34-9616D60CE12A

Алдымен, кеңес отырысында Теректі ауданы, Федоровка ауылдық округінің әкімі Әсет Аубакировтың тарапынан өткен жылдың желтоқсан айында, жаңажылдық мереке қарсаңында аудан орталығында қар тазалау жұмыстарын жүргізу барысында қоғамдық жұмысқа тартылған жұмысшыларға қатысты балағат сөздер айту фактісі бойынша соңғының тәртіптік ісі қаралды.

Нәтижесінде, Әдеп жөніндегі кеңесімен  қызметтік әдеп нормаларын сақтамағаны үшін, Ә.Аубакировке «қатаң сөгіс» түріндегі тәртіптік жаза қолдану туралы Теректі ауданы әкіміне ұсыныс беру жөнінде шешім қабылданды.

Сондай-ақ Сырым ауданы әкімінің орынбасары Ерболат Ахметовтың 2018 жылы қызметтік тұрғын үйге қоныстанған уақытынан бастап, 2018 – 2019 жылдар аралығында тұрғын үйді пайдаланғаны үшін тиесілі төлемақыны негізсіз уақтылы төлемеу фактісі бойынша тәртіптік ісі қаралып, нәтижесінде, Әдеп жөніндегі кеңесімен қызметтік әдеп нормаларын сақтамағаны үшін, Е.Ахметовке «қатаң сөгіс» түріндегі тәртіптік жаза қолдану туралы Сырым ауданы әкіміне ұсыныс беру жөнінде шешім қабылданды.

  zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале