13.02.2023, 16:45
Оқылды: 19

Қос облыс байланысы күшеймек

 

Жексенбіде өңірге Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов келді. Алдымен ол «Оралагрореммаш» АҚ жұмысымен танысты. 60 жылдық тарихы бар кәсіпорын ел нарығын арнайы техникамен, металл конструкцияларымен қамтамасыз етіп келеді. Сондай-ақ «Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы» АҚ-ға барған Нұржан Нұржігітов  жоғары технологиялық мұнай-газ жабдықтарын, энергетикалық жабдықтарды әзірлеу және өндіру ісін алға қойған, газ турбиналық қондырғыларға сервистік қызмет көрсететін зауыт жұмысы туралы ақпаратқа қанықты.

жамбыл (3)

Кейін облыс әкімдігінің ғимаратында кездескен қос облыс басшылары мен кәсіпкерлер екі өңір арасындағы байланысты нығайту, ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік және өндіріс салаларындағы әріптестік қарым-қатынасты күшейту жайын талқылады.

жамбыл (1)

Алдымен аймақ басшысы Нариман Төреғалиев былтыр өңіріміздің өнеркәсіп саласында 4 трлн теңгеге өнім өндірілгенін айтты. Оның 280 млрд теңгесі өңдеу саласына тиесілі.

жамбыл (4)

 

Сонымен қатар облыс басшысы біздің аймақта мұнай-газ секторынан басқа, кеме құрастыру, машина жасау, құрылыс индустриясы, агроөнеркәсіптік кешен, химия өнеркәсібі салалары мықты дамығанын айтты.

жамбыл (6)

— Көптеген машина жасау компаниялары мұнай-газ жобаларының ірі операторларының қажеттілігін қамтамасыз етуге бағытталған. Сондай-ақ отандық өндірушілер агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бойынша белсенді жұмыс жүргізуде және импортты алмастыру мәселесіне көп көңіл бөлінуде.

жамбыл (5)

Олардың әлеуетін пайдалану және қолдау көрсету мақсатында бірлесіп жұмыс атқару керек. Жамбыл өңірінде көкөніс өндіретін кәсіпкерлер өз тауарын облысымызға жеткізіп, тікелей сатуға жағдай жасауға  болады. Одан бөлек арнайы сауда орындарын ұйымдастыруға да дайынбыз, — деді  Н. Төреғалиев.

жамбыл (2)

Одан соң Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов сөз алып, қос аймақтың өзара қарым-қатынасының нығая түсуіне қарсы емес екенін айтты. Жиын соңында «Aqjaiyq» ӘКК» АҚ мен «Тараз» ӘКК» АҚ Өңіраралық ыңтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Түгелбай Бисен

Фото: БҚО әкімдігінің баспасөз қызметінен

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале