16.01.2017, 19:10
Оқылды: 26

Көшекбаевтар келтірген уәждер тексерілмек

sot  2017 жылдың 12 қаңтарында республикалық БАҚ-да  сотталушы Ж.Көшекбаевтың анасы А.Көшекбаеваның Қазақстан Республикасының Президентіне жолдаған бейнежазбасы жарияланды.


   Онда А.Көшекбаева 2014 жылдың 8 қыркүйегінде Тараз қаласының №2 сотымен 9 жылға бас бостандығынан айрылған ұлы Ж.Көшекбаевқа РУ-170/2 мекемесі қызметкерлері тарапынан жасалған заң бұзушылық жағдаяты жөнінде баяндаған. Оның ұлы Ж.Көшекбаев iрi мөлшердегі мүлiктi жымқыру мақсатында қарақшылық жасап, ҚР Қылмыстық Кодексі 179-бабы 3-бөлігінің «в» тармағы бойынша сотталған болатын. А.Көшекбаеваның сөзінше, оның баласы қазіргі таңда Орал қаласындағы РУ-170/2 мекемесінде түзету колониясында жалпы режімде жазасын  өтеуде. Бейнежазба арқылы РУ-170/2 мекемесі қызметкерлерінің қызмет барысында өз өкілеттіктерін асыра пайдаланатынын айтқан А.Көшекбаева ұлының аталған мекеме  қызметкерлерінің сотталушыларға қатысты қылмыстық әрекеттеріне куәлік ете алатынын және мұны жасаған қызметкерлердің аты-жөнін айтып, көрсетіп беру арқылы  дәлелдейтінін жеткізген.

  Осыған орай, қазіргі таңда  облыс прокурорының өкімімен көрсетілген уәждерді тексеру үшін арнайы топ құрылды. Топ құрамында облыс прокурорының аға көмекшісі Тимурлан Исмаилбаев, облыс прокурорының көмекшісі Ғани Мыңтай және «Қазақстан халықаралық адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі бюросы» облыстық филиалының директоры Павел Кочетков бар. Қазіргі таңда аталған топтың қатысуымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде. Тексеру барысында А.Көшекбаева мен оның баласының уәждері егжей-тегжейлі тексеріліп, құқықтық баға берілмек.

  Жоғарыда орын алған жағдайға байланысты облыстық прокуратура қызметкерлері - облыс прокурорының аға көмекшісі Тимурлан Исмаилбаев, облыс прокурорының көмекшісі Ғани Мыңтай және «Қазақстан халықаралық адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі бюросы» облыстық филиалының директоры Павел Кочетков жұма күні шұғыл баспасөз мәлихатын ұйымдастырып, жергілікті БАҚ өкілдеріне осындай түсінік берді.

Өз тілшіміз

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале