7.12.2023, 15:00
Оқылды: 51

«Көшпенді» ұйымын құрған қайраткер кім?

Алаштың бір туар азаматы Қоңырқожа Қожықовтың саяси белсенділігі патша тұсында басталғанды.

жп дала

Алғаш 1907 жылы патша өкіметінің жарлығы бойынша бұратана халықтардан мемлекеттік Дума жұмысына шектеу қойылғанда, ол жарлықтың күшін жою жолында ұйымдастырылған іс-шараларда белсенділік танытады.

Кейін 1917 жылғы ақпан төңкерісінен соң Ферғана өңірінде қазақтардың мүддесін қорғайтын «Көшпенді» атты ұйым құрып, оған жетекшілік етеді.

Ал 1917 жылдың 30 наурызында Қызылорда да өткен облыстық қазақтардың жалпы сиезіне делегат болып сайланады.

Келесі 1917 жылдың тамызында Түркістан өлкесі қазақтарының сиезі атынан бүкілресейлік құрылтай жиналысына депутаттыққа кандидат болып ұсынылады.

Кеңес үкіметі кезінде Әулиеатада жер басқармасында қорғандар мен ескерткіштерді зерттеу бөлімінде қызмет атқарады. Ол «Орхон жазуы», «Қозы Көрпеш-Баян-Сұлу», «Келіншек тас», «Ақтас» мазарлары туралы ғылыми еңбектер жазады.

Оның араб, шағатай, парсы, орыс тілдерін жетік меңгеруі қазақтың аударма өнерінің дамуына қосқан үлесі бір төбе.

Кешегі 1937 жылғы қуғын-сүргінде эмигрант Мұстафа Шоқаймен байланыста болды. «Алашшыл» деген айыптаулар тағылып, «халық жауы» деген жаламен тұтқындалып, 1938 жылы ату жазасына кесіледі.

Зұлқожа Шарафутдинов

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале