Елімізде өтіп жатқан Көшпенділер ойынында теңге ілуден «бес белес» стилі бойынша жерлесіміз, БҚО ұлттық спорт мектебінің спортшысы Бекнұр Серіков жеңімпаз атанды.
«Жарысқа 13 спортшы қатысты. Бекнұр теңге саны жағынан да, уақыт бойынша да үздік өнер көрсетті. Жарыс алаңына төрт мәрте шығып алғашқыда берілген екі мүмкіндіктің бірінде он теңгенің сегізін, екіншіде жетеуін ілді.
Финалдық тартыста он төрт теңгенің он екісін, екінші мүмкіндігінде он бірін ілді. Теңгелерді ілуге 35 секунд берілсе, Бекнұр соны 33 секундта іліп отырды», - деп хабарлады дәл қазір Көшпенділер ойынында жүрген әріптесіміз Ақмоншақ Мақсотқызы.