Елорда төрінде өткен V Көшпенділер ойынында ел намысын қорғаған теңге алу шебері Бекнұр Серіковтің өнері тек қазақ жанкүйерінің ғана емес, барша әлемді таң қалдырды. Жеңісін еліне арнайтын спортшы бүгін өз таңдауын жасады.
№42 Ак ниет гимназиясындағы № 454 сайлау учаскесіне келген Бекнұр өз таңдауын жасады.
– Референдум – бұл халықтың елде болып жатқан маңызды мәселелерге қатысты тікелей дауыс беру арқылы шешім қабылдауы. Атом энергетикасы – еліміздің тұрақтылығы мен өркендеуінің кепілі. Әр саладағы жетістік, соның ішінде спорттағы жеңістер де елдің тұрақты дамуына тікелей байланысты, - дейді спортшы.