23.12.2024, 15:30
Оқылды: 120

Қостанай облысында ірімшіктің 20 жаңа түрі шығарылады

Өңірде ірімшіктің 20 жаңа түрін шығаратын кешен пайдалануға берілді. Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов атап өткендей, бұл ірімшік өндірісін 3 есеге арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, диірмен кешені пайдалануға берілді, алғашқы 6 заманауи жоғары технологиялық сүт-тауар фермасының, сондай-ақ «Кондитерлік астана» фабрикасының құрылысы басталды.

IMG_5921

Сурет: ОКҚ

«Бидайды терең өңдеу зауытын салу жоспарда бар. Зауыт глютен, крахмал, биоэтанол және лизин сияқты бірегей өнімдер шығарады. Инвесторға жер учаскесі берілді, инжинерлік іс-шаралар жүргізіліп жатыр», – деді әкім ОКҚ баспасөз конференциясында.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале