29.04.2025, 16:15
Оқылды: 365

Қоян-қолтық ұрыстан жарыс өтті

Ұлттық ұланның 5517 әскери бөлімінде тарихи маңызы зор шара – Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған қоян-қолтық ұрыстан әскери бөлім біріншілігі өтті.

WhatsApp Image 2025-04-29 at 12.26.25

Салауатты өмір салтын насихаттап, жауынгерлік рухты көтеруді мақсат еткен жарысқа бөлім құрамындағы 6 командадан 40-қа жуық спортшы қатысты. Жоғары дайындық пен батылдықты талап еткен тартысты бәсекеде қатысушылар өздерінің шеберліктерін, төзімділіктерін, жауынгерлік машықтарын барынша көрсете білді.

Жарыс қорытындысы бойынша бірінші орынды 1-атқыштар ротасы жеңіп алса, екінші орын 2-атқыштар ротасына бұйырды. Ал үшінші орынға 1-жедел мақсаттағы ротасы лайық деп танылды.

626d5917-ed72-45a7-9445-4cfd8cf1154c

Ұлттық ұлан сапындағы мұндай жарыстар жастардың бойында отансүйгіштік пен жауынгерлік ерік-жігерді нығайтып, тәртіп пен ынтымақты арттыра түсетіні сөзсіз. Бұл – батыр бабалар рухына тағзым етіп, өскелең ұрпаққа үлгі көрсету жолындағы маңызды іс-шаралардың бірі.

ҚР Ұлттық ұланы “Батыс” өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале