21.11.2023, 16:59
Оқылды: 52

Қожановтан қалған сөз

Саяси белсенділігін 1913 жылдан бастаған Сұлтанбек Қожанов Ташкенттің мұғалімдер семинариясы қабырғасында жүргенде-ақ «Кеңес» атты жасырын ұйымның мүшесі болады.

Өзен ЖП
Ал 1917 жылғы ақпан төңкерісінен соң үлкен саясатқа белсене кіріседі.

Сол жылы Түркістан өлкесінде «Бірлік туы» газетін ұйымдастырып, оның редакторы болады.

Газет басылымында болып жатқан қоғамдық-саяси өзгерістерге өз пайымын білдіріп жұртқа жариялап отырады.

Оның «Қайтейін?» деп аталатын алғашқы өлеңдерінің бірінде, ол азаттыққа жете алмай қорланған, торыққан елінің тағдырын жас азаматтың ой толғанысы арқылы жеткізеді.
Ол батыста жасалған марксизм теориясының қазақ ішіне мүлдем жүрмейтінін, большевиктік Ресейдің бар діттегені халықтар тағдырына эксперимент жүргізу екенін сол кездің өзінде ашық айтқан еді.
Ел ішінде оның Сталинмен кездесуінде Сталиннің «Келдің бе қазақтың сұлтаны!?» деген мысқыл сөзіне, «Грузиянің князі осында ма едің?» деп жауап бергені кешеден бүгінге жеткен аңыздың бірі.
Алайда тағдыр Қожановты Сталинмен бірге жұмыстас болуды қаламады.

1937 жылдың 16 шілдесінде «ұлтшыл», «кеңеске қарсы ұйымдастырушы» деген жаламен ұсталып, 1938 жылдың 8 ақпанында атылады.

Зұлқожа Шарафутдинов,
zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале