26.02.2026, 10:45
Оқылды: 76

КПО 2025 жылғы өндірістік қызметінің қорытындыларын жариялады

"Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В." (КПО) 2025 жылғы қызметінің қорытындыларын жариялады. Осы кезеңде КПО 136,453 млн мұнай эквивалентіндегі баррель көлемінде тұрақты және тұрақсыз сұйық көмірсутектерді, экспорттық шикі газды және ішкі қажеттіліктерге арналған тазартылған отын газын өндірді", - деп хабарлайды КПО БАҚ және қоғаммен байланыс бөлімі.

IMG_0458.JPG

КПО бас директоры Марко Марсили: "2025 жылдың қорытындысы бойынша Бірлескен кәсіпорын барлық жоспарланған жобалар мен техникалық қызмет көрсету жұмыстарын қауіпсіз, кестеге сәйкес және бюджет шегінде аяқтай отырып, біздің жоспарымызға сай өндірістің тұрақтылығын тағы да дәлелдеді", – деп атап өтті.

Барлық өндіру және дайындау қондырғыларының сенімді жұмысы 2025 жылғы өндірістік көрсеткіштердің жоғары болуына негізгі себеп болды.

КПО-да газды кәдеге жарату көрсеткіші 99,95%-ға жетті, бұл — әлемдік деңгейдегі нәтиже. Экологиялық міндеттемелер шеңберінде компания энергия тиімділігі, метан шығарындыларын азайту және қалдықтарды басқару саласында бірқатар бастамаларды іске асыруда.

Жергілікті қамтуды дамыту Бірлескен кәсіпорын үшін негізгі басымдық болып қала береді. Мәселен, 2025 жылы КПО-ның қызмет көрсету саласындағы жергілікті қамту үлесі 88%-ға жетті, сондай-ақ компания Қазақстанда өндірілген тауарларға жұмсалатын шығындарын 2024 жылмен салыстырғанда 45%-ға арттырды. Жалпы алғанда, ақшалай есептегенде КПО Қазақстанда тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуға 704,2 млн АҚШ долларын жұмсады.

Кадрларды ұлттандыру мәселесіне келетін болсақ, өткен жылы жергілікті қамту үлесі барлық кәсіби және техникалық лауазымдар бойынша 98%-ды, ал басшылық құрам арасында 86%-ды құрады.

КПО өңірдің әлеуметтік инфрақұрылымына қомақты инвестиция салуды жалғастыруда. 1998 жылдан бастап 2025 жылдың соңына дейінгі кезеңде компания қаражаты есебінен жалпы сомасы 901,98 млн АҚШ долларына 268 әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысан іске асырылды. Мәселен, 2025 жылдың қорытындысы бойынша өңірде 18 әлеуметтік жоба жүзеге асырылып, пайдалануға берілді. КПО осы мақсаттарға жыл сайын 20 млн АҚШ долларын бөліп отырады. Бұдан бөлек, компания БҚО-дағы нақты әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға бағытталған ҚР Үкіметінің жекелеген қаулылары шеңберінде қосымша қаржыландыру ұсынады.

"КПО өз қызметін әлеуметтік жауапкершілік, ашықтық және қоршаған ортаны қорғау қағидаттарына сай жүзеге асырады. Біз елдің экономикалық өсуіне үлес қосу және жергілікті халықтың тұрақты дамуы мен игілігі үшін жағдай жасау арқылы Қазақстан Республикасына барынша пайда әкелуге ұмтыламыз", – деп түйіндеді КПО бас директоры Марко Марсили.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале