Айта кетейік, EАSP Еуразиялық кеңістіктің 12 елдің өкілін біріктіреді. Олар Қазақстан, Түркия, Ресей, Армения, Әзірбайжан, Беларусь, Грузия, Молдова, Қырғызстан, Түрікменстан, Тәжікстан және Өзбекстан.
Ұйымның негізгі міндеті жер ресурстары, оның ішінде топырақты ұтымды пайдалану және олардың деградациясына қарсы күрес саласындағы өңірдің ерекше мәселелерін шешу.