21.05.2024, 11:45
Оқылды: 7

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі балалардың жазғы лагерьлеріне санитарлық бақылау қалай жүргізілетінін хабарлады

Балалар келгенге дейін қала сыртындағы лагерьлер барлық талапқа сәйкестігін растайтын санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды алуға міндетті. Үкіметтің баспасөз қызметінің хабарлауынша  консультациялық көмек көрсету үшін әр лагерьге санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мамандары бекітілген.

23bec5a6-26d5-4689-8d7b-4097adb0d0d0
 Фото: t.me/KZgovernment/

- Демалыс базаларын бақылау шеңберінде жүргізілген жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары, аумақты тазалау мен абаттандыру, инженерлік желілердің жұмыс істеу тиімділігі және басқа да түйінді параметрлер қаралады. Жазғы сауықтыру ұйымдары басшылығының қатысуымен 100-ден астам оқыту семинары өткізілді. Санэпидбақылау комитетінде жазғы сауықтыру ұйымдарының жұмысында қандай да бір бұзушылықтар анықталған кезде ауызша немесе жазбаша шағыммен жүгінуге болатын жедел желі ұйымдастырылған, - деді денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале