22.02.2022, 16:30
Оқылды: 20

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жасөспірімдерді вакциналау үшін "Спутник М" тіркелгенін растады

Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі 12-17 жас аралығындағы жасөспірімдерге коронавирусқа қарсы ресейлік "Спутник М" вакцинасы тіркелгенін растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

photo_94846

Дәрілік затқа тіркеу куәлігі уақытша сегіз айға берілді.

"2022 жылғы 9 ақпанда Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті сегіз ай мерзімге "Гам-КОВИД-Вак-М" дәрілік затына уақытша тіркеу куәлігін берді. "Спутник М" 12-17 жастағы жасөспірімдерге арналған", - делінген хабарламада.

 Ведомство Гам-КОВИД-Вак-М SARS-CoV-2 тудыратын коронавирус инфекциясының алдын алуға арналған біріктірілген векторлық вакцина екенін атап өтті. Сондай-ақ, "Спутник М" мен "Спутник V" арасындағы айырмашылық аденовирустық бөлшектердің концентрациясы бес есе төмендегенін еске салды.
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале