18.09.2024, 15:00
Оқылды: 68

ҚР ЭМ: «Қазандықтар мен турбиналар жылыту маусымына дайын»

ҚР энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов ОКҚ алаңында жылыту маусымына дайындық туралы баяндады.

2E1A6EC8-F50E-4AD8-8D31-59531CB90DF7

Сурет: ОКҚ

Оның айтуынша, тиісті жұмыстар жүйелік оператормен бекітілетін кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр. Биыл электр станцияларында 10 энергоблокта, 55 қазандықты және 45 турбинаны күрделі жөндеу жоспарланған. Сондай-ақ ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Қазіргі кезде тиісті жұмыстар аяқталып келеді. Электр желілері бойынша да осындай жоспар бар.

«Жылыту маусымын бастауға қазандықтар мен турбиналар дайын. Мысалы, Павлодар облысында әлеуметтік нысандарға жылу беріле бастады. Бұл барлық құралдардың дайындығының дәлелі», - деді спикер.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале