26.05.2023, 11:00
Оқылды: 30

ҚР Энергетика вице-министрі Асхат Хасенов Батыс Қазақстан облысының кен орындарында болды

 

Кеше Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасының энергетика вице-министрі Асхат Хасенов пен БҚО әкімінің бірінші орынбасары Ержан Балтаев «Ural Oil&Gas» ЖШС-ның «Рожков» кен орнына және «Жайықмұнай» ЖШС-ның Чинарев мұнай-газ конденсаты кен орнына барды.

 WhatsApp Image 2023-05-26 at 11.33.16

Рожков кен орнында ҚР Энергетика вице-министрі кен орнын жайластыру жөніндегі жобаның іске асырылу барысымен танысты, онда «Ural Oil&Gas» ЖШС басшылығына кен орнын пайдалануға беру қарқынын жеделдетуді тапсырды.

Рожков кен орнының алынатын қорлары: конденсат бойынша 12,5 млн.т, газ бойынша 25,3 млрд. м3 бағаланады. «Ural Oil&Gas» ЖШС акционерлері ҚМГ, Sinopec және мажарстандық MOL болып табылады.

Бұдан әрі «Жайықмұнай» ЖШС-ның Чинарев мұнай-газ конденсаты кен орнында компания басшылығы ҚР Энергетика вице-министріне көмірсутек шикізатын қайта өңдеу бойынша «Жайықмұнай» ЖШС және «Ural Oil&Gas» ЖШС-ның бірлескен жобасын ұсынды.

Қазіргі уақытта «Жайықмұнай» ЖШС Рожков кен орнынан жаңа шикізат алу үшін барлық қажетті жұмыстар мен сынақтарды толық жүргізді.

 

ҚР Энергетика министрлігінің

Баспасөз қызметі

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале