25.01.2019, 13:18
Оқылды: 48

ҚР Қаржы Вице-министрі мемлекеттік сатып алуға қатысты семинар өткізді

Құрылыс саласында мемлекеттік тапсырысты орындаған мердігер тендер қаржысының 50 пайызын ғана қосалқы мердігерге төлей алады. Мемлекеттік сатып алу мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сатып алуы рәсімінде енді салық түсімін заңнама талаптарына сай көп төлеген компаниялардың жеңіп шығауына басымдық беріледі.

IMG_1459

Бұл жайында Орал қаласына іссапармен келген ҚР Қаржы вице-министрі Руслан Бекетаев семинар барысында мемлекеттік органдар мен бизнес-қауымдастық өкілдеріне айтып берілді. Семинарды ашқан облыс әкімі Алтай Көлгінов былтыр желтоқсан айының 26-сында мемлекет басшысы мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік секторды сатып алу туралы заңға қол қойғанын, қаңтар айынан бастап аталған заңнама талаптары күшіне енгенін атап өтті.

Жиынға Қаржы министрлігінің қызметкерлері, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарының әкімдіктерінің өкілдері, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, қоғамдық ұйымдардың, бизнес-қауымдастықтардың өкілдері қатысты. Вице-министрдің айтуынша, мемлекеттік сатып алу 100 пайыз электронды нұсқаға көшірілген. Заңнамалық өзгерістер бірінші кезекте құрылыс саласында сатып алуға қатысушыларға талаптарды жеңілдетуге байланысты. Енді материалдық ресурстардың болуын сатып алу туралы құжаттармен немесе бухгалтерлік құжаттармен растау талап етілмейді, тіркеуге жататын техниканың техпаспортын қоса берсе жеткілікті болады. Еңбек ресурстары жеткілікті екенін дәлелдеу үшін аттестатталған инженерлік-техникалық қызметкерлерді ғана растау керек. Осы өзгерістер өтінімдерді формалды және негізсіз кейінге қалдыру жағдайларын бірден бірнеше есеге қысқартады және бәсекелестікті арттырады.

- Жалпы алғанда, заңға енген толықтырулар мен өзгерістер 3 блокқа бөлінеді. Біріншіден, мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жеңілдету жөніндегі түзету, екіншіден, әлеуетті жеткізушілердің біліктілігін арттыруға бағытталған ережелер, үшіншіден, бір көзден сатып алу үлесін төмендетуге бағытталған түзетулер, - деді Руслан Бекетаев.

Мемлекеттік сатып алудың жалпы көлемі және квазимемлекеттік секторды сатып алу көлемі 2018 жылы 9,2 трлн. теңге болды. Олардың ішінде мемлекеттік сатып алулар - 3,6 триллион, «Самұрық-Қазына» қоры - 5 трлн. және басқа да ұлттық компаниялар («Бәйтерек», «ҚазАгро» және т.б.) - шамамен 600 млрд. теңге. Осылайша, квазимемлекеттік сектордың мемлекеттік сатып алулар мен 2018 жылы 2017 жылғы көрсеткіштен сатып алу көлемі 3,4% -ға артық.

IMG_0656

IMG_0882 IMG_0890 IMG_0939 IMG_1448

Нұртай Текебаев,

сурет аворы Александр Куприенко

© zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале