5.05.2023, 9:45
Оқылды: 46

ҚР МЖСМ: түркітілдес елдерге ортақ ежелгі аңыздар негізінде анимациялық альманах жасап шығаруды жоспарлап отыр

Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің сайтында хабарланды. 

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Қазақанимация» шығармашылық бірлестігі түркітілдес елдерге ортақ ежелгі аңыздар негізінде анимациялық альманах жасап шығаруды жоспарлап отыр. Жоба аясында 2023 жылы хронометражы 5 минуттан асатын кемінде 10 анимациялық туынды жарыққа шығады деп күтілуде. 

ebcbd6bdd8ae3570ee571d75a757bfcb_1280x720

Сценарийлер байқауы жарияланды. Оған түркітілдес елдердің ежелгі аңыздарымен байланысты тақырыптарда: түркітілдес елдердің ұлы тұлғалары, қасиетті жануарлары мен жер-су атаулары, түркітілдес елдердің ортақ мерекелері мен ұлттық ойын-сауықтары туралы аңыздар негізінде шығармашылық  жұмыстар қабылданады.

Питчинг қорытындысы бойынша таңдалған он үздік жоба ашық қорғау мүмкіндігіне ие болады.

«Бұл жобаның маңызы өте үлкен. Қазір сценарийлер байқауы жарияланды. Біз авторларға өткен тарихымызды бүгінгі күнмен байланыстыруға болатындай шығармашылық еркіндік беріп отырмыз. Сол себепті үміткерлерден тақырыпқа сай және көркемдік деңгейі жоғары жұмыстар күтеміз»,- деді «Қазақфильм» киностудиясының вице-президенті Серік Әбішев.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале