ҚР Оқу-ағарту министрінің қоғам өкілдерімен кездесу шаралары жалғасуда. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігі хабарлады.
Фото: gov.kz
Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіподағының мүшелік ұйымдары мен актив басшылары басқосу кезінде білім беру саласындағы өзекті мәселелерімен бөлісті. Қазақстанда барлығы үш ірі салалық кәсіптік одақ жұмыс істейді.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев қоғамдық кеңес өкілдері, мұғалімдер, білім басқармаларының басшылары және оқулықтарды әзірлеуші топ мүшелерімен кездескен болатын. Мұндай басқосу алдағы уақытта педагогикалық және ата-аналар қауымдастығымен де ұйымдастырылады.