23.08.2023, 11:00
Оқылды: 63

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің ардагерлер кеңесі құрылды

ҚР Оқу-ағарту министрлігі жанындағы ардагерлер кеңесінің алғашқы отырысы өтті. Министрліктің хабарлауынша, кеңес білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты жаңғырту мен дамыту жөніндегі кешенді шешімдерді қабылдау мақсатында құрылды.

msg-1309508988-6749

Ашық дауыс беру әдісімен білім беру саласына еңбегі сіңген қызметкер, қоғам және мемлекет қайраткері Жақсыбек Күлекеев Кеңес төрағасы болып сайланды.

- Кеңес құрамын дана ұстаздардың қатарымен толықтыру білім беру жүйесінің сапасын арттыруға көмектеседі. Біз көпжылдық тәжірибесі бар әріптестеріміздің кәсіби көмегіне сенім артамыз. Бірлескен күш-жігерімізбен балаларымыз үшін барынша жақсы жағдай жасалады деп сенемін, - деді ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев.

Атап өту керек, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің жанынан ардагерлер кеңесі алғаш рет құрылуда.

Оның құрамына білім беру саласында беделі жоғары құрметті қызметкерлер, қоғам және мемлекет қайраткерлері және тағы басқасы енді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале